Алматы қаласына жаңа мәртебе берілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласына World Craft City – дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды.

Алматыға дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды
Фото: Алматы қаласы туризм басқармасы

Бұл шешімді Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі (World Crafts Council) қабылдады. Олар Алматының мәдени мұраны сақтаудағы, қолөнерді дамыту мен креативті экономиканы қолдаудағы үлесін алға тартты.

Алматыға дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды
Фото: Алматы қалалық туризм басқармасы

Салтанатты рәсім Алматыда ұйымдастырылған ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті. Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысты.

Алматыға дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды
Фото: Алматы қалалық туризм басқармасы

- Алматыға World Craft City мәртебесінің берілуі – қаламыз үшін маңызды жетістік. Ол Алматының креативті индустрия мен мәдени туризм орталығы тұрғысынан халықаралық беделін нығайтады. Сонымен қатар біздегі қолөнерді жаһанға танытуға, білім беру бағдарламаларын, халықаралық шеберлік резиденцияларын дамытуға және қолөнердің қала экономикасына интеграцияланған тұрақты экожүйесін қалыптастыруға жол ашады, – деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Алматыға дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды
Фото: Алматы қалалық туризм басқармасы

Еске салайық, былтыр Алматы «Дүниежүзіндегі қолөнер қалалары» тізіміне енуі мүмкін екенін жазғанбыз.

2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келді. Оның - 323,5 мыңы шетелдік мейман.

 

 

Соңғы жаңалықтар