Алматы қаласынан 178 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Фото: aa.com.tr/ru

ҚР ТЖМ «СБЗҰГО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен 12 сағат 25 минутта жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісі болған жердің координаттары: 42.416 солтүстік ендік, 75.016 шығыс бойлық.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-батысынан 178 шақырым қашықтықта орналасқан.

Магнитудасы — 4.1, ал энергетикалық класы — 9.2 шамасында болған.

Есептік қарқындылығы (балл): сезілмеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.

Бұған дейін хабарланғандай, сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб 24/7 тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар