Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н. Кажиннің үкімін жариялады.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды
Фото: Pixabay.com

— Ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды, — делінген Антикор хабарламасында.

Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

— Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлігі тәркіленді, — делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағы қарастырылып жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар