Алматы көшелерінде түнде жылқымен жүріп, тыныштық бұзғандар жазаланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы көшелерінде түнгі уақытта бірнеше азамат атпен жүрген.

Алматы көшелерінде түнде жылқымен жүріп, тыныштық бұзғандар жазаланды
Фото: Видеодан скрин

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг пен тексеру нәтижесінде бұл азаматтардың жеке басы анықталған. Олар жануарларды ұстау ережелері мен түнгі уақытта тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Қоғамдық тәртіпті бұзу — жол берілмейтін әрекет. Алматы полициясы Профилактика жылында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Қаламыздың тұрғындарын Заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға шақырамыз, — деді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өзенді жолмен шатастырған екі жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар