Алматы көшелерінің бірі 4,5 айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Серіков көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

а
Фото: Александр Павский / Kazinform

Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін ұзартуға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Серіков көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

- 14 ақпаннан 30 маусымға дейін Хамит Алтай көшесімен қиылыста қозғалыс толық жабылады. Бұл аумақты Қуанышбаев және Майқанова көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйымның байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2026 жылы қандай көшелер ұзартылатынын жазғанбыз.

 Алматы көшелерінің бірі 4,5 айға жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар