Алматы көшелерінің бірі мейрамға байланысты 2 күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мерекеге байланысты кей көшелерге шектеу қойылады.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шараларға байланысты Омаров көшесінде автокөлік және қоғамдық көлік қозғалысы 20–21 наурыз күндері уақытша шектеледі. Шектеу іс-шара қатысушылары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.

— Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Наурыз мейрамында қайда баруға болатынын жазғанбыз. Биыл қала бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Мерекелік негізгі алаңдар — Астана алаңы, Абай алаңы, Жібек жолы даңғылының жүргіншілер аймағы және Панфилов көшесі.