Алматы маңында 5 мыңға жуық абонент көгілдір отын желісінен уақытша ажыратылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы маңында 19 қараша күні ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы хабарлады.

Орталық Азия - Қытай
Фото: «Азиялық Газ құбыры» ЖШС

Жоспарланған жұмыстарға орай Алматы облысы Іле ауданының бірнеше елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады. Олар:

  • Көктерек ауылы
  • «Энергетик» саяжай-кооперативі
  • Байсерке ауылы
  • «Проектировщик» саяжай-кооперативі
  • «Надежда» саяжай-кооперативі.

Сондай-ақ «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындарға жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюға және іске қосу шаралары толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауға кеңес берді.

— Бұл - мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар. Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз, - деп хабарлады «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалынан.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауыты салынатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар