Алматы маңында 5.0 балдық жер сілкінісі болды

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Фото: pexels.com

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 14 желтоқсан сағат 14:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 180 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,2. MPV магнитудасы – 5.0. 

Жер сілкінісінің координаттары – 42,79° c.e. 79,05° ш. б. Тереңдігі – 15 шақырым. 

«Қазақстанда сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар