Алматы маңында 7 жасар баланы автобус басып кетті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті. 

Алматы маңында 7 жасар баланы автобус басып кетті
Фото: KABAR

Оқиға салдарынан 7 жасар бала қайтыс болды. Бұл деректі Алматы облысының Полиция департаменті растады.

– 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрақ аумағында артқа жүрген кезде 7 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда жантүршігерік көлік апатынан 16 жасар қыз бала қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматы облысында мас күйінде трактор айдаған азамат 2 жылға сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар