Алматы маңында есірткі жасайтын зертханадан 8 келі мефедрон алынды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысы бойынша ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі. 

КНБ
Фото: ҰҚК

Осылайша 6 ақпанда Алматы қаласына жақын орналасқан жеке үйде психотроптық заттарды дайындау кезінде қылмыс үстінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.

КНБ РК
Фото: ҰҚК

Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 келіден астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ оны дайындайтын құрылғы мен компоненттер алынды.

Анықталған есірткінің «қара» нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады.

КНБ РК
Фото: ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

КНБ РК
Фото: ҰҚК
КНБ РК
Фото: ҰҚК