Алматы маңында жоғалып кеткен 3 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы маңында жоғалып кеткен 3 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: pexels.com

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының полиция департаменті Еңбекшіқазақ  ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды  өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлім етті.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Полиция күдіктілердің кім екенін және қыздың денесі табылғаны туралы ақпарат бермеді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп атап өтті ведомстводан.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Сондай-ақ Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарына волонтерлер, тепловизоры бар дрондар мен тікұшақ тартылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар