16:21, 10 Шілде 2025 | GMT +5
Алматы маңындағы өндірістік аймақтан өрт шықты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында «Первомайская» индустриалды аймағында қойма өртенді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылының өндірістік аумағынан шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қойманы қызыл жалын шарпыған.
— Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жоғары деңгейде шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға орнына жедел қызметі жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен өрт аумағы туралы ақпарат анықтыланып жатыр.
Осыған дейін Алматы облысының қоқыс полигоны өртенген болатын.
Зардап шеккендер жоқ.