Алматы маңындағы тойда мылтық атқандар іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде көлікте отырып аспанға оқ атқан азаматтардың бейнежазбасы тарады. Олардың қатарында танымал алматылық блогер Заир Рзаев та бар. Бейнероликтен оқиға орнындағы адамдардың тойға жиналғанын байқауға болады.

мылтық
Фото: egovpress

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

- Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізіп жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады, - деп хабарайды департамент баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында екі қызды көлік қағып, мерт қылған.

Сондай-ақ, Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар