Алматы марафонына биыл 2 мың шетелдік қатысады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 29 қыркүйек күні Алматыда марафон өтетіні хабарланды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ, Индонезия және Франция секілді әлемнің 50-ден астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланған. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин/kazinform

Биыл марафонға 15 мыңнан астам қатысушы жиналады деп күтіледі. Қатысушылардың жолы Республика алаңынан басталып, Әл-Фараби даңғылымен жалғасады.

- Марафонға қатысатын адамдардың 2 мыңға жуығы шетелдіктер болмақ. Іс-шара AIMS халықаралық старттар мен жүгірулер қауымдастығына енгізілген, бұл ұйымдастырудың жоғары сапасына және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді. Марафон трассалары World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған. Қанша жыл өтсе де, Алматы марафоны шетелдік қатысушылардың назарын аударуды тоқтатқан емес», - деді «Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Биылғы марафонның негізгі қашықтықтары келесідей:

- Марафон қашықтығы - 42,2 км.

- Жартылай марафон - 21 км.

- Жүгірудің қысқа қашықтығы - 10 км.

- Скандинавиялық серуендеу - 10 км.

- Экиден командалық эстафетасы.

Еске салайық, биыл мамыр айында Астанада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау қайырымдылық марафоны өткен болатын. 

Кенияда Олимпиадаға қатысқан марафоншыны бензин құйып, өртеп жібергенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар