Алматы мәслихаты ертең қала әкімін сайлау үшін жиналады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы 24 мамыр күні сағат 12:00–де Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша өтеді. 

Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихаты мәлімдеді

— 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00–де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді, — делінген мәлімдемеде. 

Айта кетелік бүгін Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, тау шаңғысы индустриясының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері: Horwath HTL (АҚШ) серіктесі Синиша Топалович, Stem International (Франция) бас директоры Винсент Тассар, PGI management (Андорра) президенті Жоан Виладомат тау туризмін дамыту жоспарларын таныстырған еді.

Соңғы жаңалықтар