Алматы мәслихатына жаңа депутат сайланды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы мәслихаты депутатының мандаты Дәурен Әділмырзаұлы Мараловқа берілді.

Дәурен Маралов 1980 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы агро-азық-түлік саласында бастап, «Алматылық ұн комбинаты» ЖШС-ын басқарған. 2010–2015 жылдары мұнай өңдеу саласында еңбек еткен.
2015–2024 жылдар аралығында еліміздегі ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі — «Алтын Диірмен» АҚ президенті қызметін атқарды. 2024–2025 жылдары «Қазақтелеком» АҚ филиалына қарасты Сервистік фабрикасының бас директоры болды. Қазіргі таңда «Алтын Диірмен» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
Еске салайық, Amanat партиясынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Рамазан Бекбол өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.