16:52, 28 Шілде 2025 | GMT +5
Алматы мен Алматы облысында ұйымдаса есірткі таратқандар ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз есірткі айналымын анықтады.

Алматы полициясының мәліметінше, қала аудандарының бірінде ер адамды тінту кезінде одан мефедрон есірткісі табылған. Кейін онымен сыбайлас екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақтың қолдауымен Алматы облысында ұсталды.
– Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Арбатында масаң күйде жасөспірімдер жатқанын жазғанбыз.