Алматы мен Ыстықкөл арасына төте жол салуға Азия даму банкінен қарыз алынуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Алматы мен Ыстықкөл арасында төте жол салу үшін Азия даму банкінен қарыз алуы мүмкін.

Алматы мен Ыстықкөл арасына төте жол салуға Азия даму банкінен қарыз алынуы мүмкін
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев екі ел Үкімет басшыларының елордадағы кездесуінен кейін айтты.

- Екі арада тағы бір үлкен мәселе талқыланып жатыр. Бұл – Алматыдан Ыстықкөлге салынатын төте жол. Қазіргі Алматыдан Ыстықкөлге бару үшін 460 шақырым жол жүру керек болса, енді Ұзынағаштан әрі қарай арнайы жол салу көзделіп отыр. Ол жолдың жалпы ұзындығы 90 шақырым болады, - деді ол БАҚ өкілдеріне берген мәліметінде.

Айтуынша, әр тарап өз жағындағы жолдың құрылысын өзі қаржыландырмақ.

- Ол жолды салуға Азия даму банкін тартып отырмыз. Сол Азия даму банкімен бірге жол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін биыл бастаймыз. Әрине, Қырғыз тарабы өз жағындағы жолды қаржыландырады, біз өз жағымыздағы жолды қаржыландырамыз, - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Алматының айналма жолымен жүру ақысы неге қымбаттағанын түсіндірген еді

Соңғы жаңалықтар