Алматы мен қала маңында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді

Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өту режимінің кестесі өзгерді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3.

MPV магнитудасы — 4.6.

Тереңдігі — 10 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар