Алматы мен Жетісу облысындағы бірқатар бағыттағы жолдар ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Қолайсыз ауа райына байланысты уақытша шектеу қойылған жолдардағы қозғалыс қайта жанданды.

жол
Фото: Есенжол Исабек

«ҚазАвтоЖол» 16 желтоқсан сағат 07:00-де екі облыстағы автожолдардың қайта ашылғанын мәлімдеді.

«Алматы-Өскемен» автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін);

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін);

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін);

«Көкпек-Кеген-Түп» автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін).

Жетісу облысында:

«Алматы-Өскемен» автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін);

«Алматы-Өскемен» автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін);

«Алматы-Өскемен» автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы) жолдар ашық- делінген хабарламада.

Еске салайық осыған Жамбыл мен Түркістан облысында жол қозғалысының ашылғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар