Алматы метросында жолаушыдан 29 оқ-дәрі табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы метросында жолаушылардың бірінен 29 оғы бар оқжатар табылды.

Алматы метросында жолаушыдан 29 оқ-дәрі табылды
Видеодан алынған кадр

Оқиға «Бауыржан Момышұлы» станциясында болған. Жолаушыны тексеру кезінде полиция қызметкерлері оның рюкзагынан калибрі 5,45 мм болатын 29 оғы бар оқжатарды анықтаған.

Оқ-дәрілер багажды рентген-телевизиялық қондырғы арқылы тексеру барысында табылды.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу жетті. Одан әрі мән-жайды анықтау үшін жігіт Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, Алматы метросында бомба барын айтқан әйел ұсталды.

Сондай-ақ Алматы метросында биыл жолаушылардан 30 пышақ табылғаны хабарланды.