Алматы мейрамханаларының бірінде атыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қару қолданған ер адамды тәртіп сақшылары ұстады.

 Сайрамда шетелдіктер арасында атыс болды – фейк
Фото: Астана әкімдігі

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қала мейрамханаларының бірінде өзара таныс ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан.

- Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Талғар ауданында атыс болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар