Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады 

Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

КМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр.

Мәселен, биыл 10 тамыздан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. 

— Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды. 

Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады, — делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында. 

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Айта кетелік Қазақстан мен Өзбекстан арасында тікелей әуе рейсі іске қосылған еді

Соңғы жаңалықтар