Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті. Музей осыған дейін сейсенбі-жексенбі аралығында сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істеген еді. 

Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты
Фото: Алматы әкімдігі

Енді сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл қала тұрғындары мен қонақтарына музейге тек күндіз емес, кешкі уақытта да баруға мүмкіндік береді. Дүйсенбі – санитарлық күн. 

Алматы музейі – Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жинақтау және насихаттаумен айналысатын мәдени орталық. Музей экспозициясы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі Алматының тарихын бейнелейтін 11 залдан тұрады.

Алматы музейі жаңа жұмыс режиміне ауысты
Фото: Алматы әкімдігі

Музей қорында көне экспонаттар, соның ішінде бейнелеу өнерінің туындылары, қазақ этнографиясының үздік топтамасы, түрлі дәуір мен мәдениеттің айғағы саналатын археологиялық заттар, жазбаша деректер жиынтығы сақталған.

– Жұмыс уақытының ұзартылуы музейге келушілер аясын кеңейтуге, соның ішінде жұмыс немесе оқу аяқталғаннан кейін кешкі уақытта мәдени орындарға бару мүмкіндігін арттыруға бағытталған, - делінген хабарламада.

Алматы музейі Қабанбай батыр, 132 мекенжайында орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі жөндеуден кейін қайта ашылғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар