Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Алматы облысы полиция департаменті Төңкеріс-Байсерке автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
— Өңірлік полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе қаладан тыс жолдарда және тәуліктің қараңғы уақытында аса мұқият болуға шақырады, — деп мәлімдеді полициядан.
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Әсет Масабаевтың жол апатында зардап шеккенін растады. Ведомство мәліметінше, қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол есін біледі.
— Медициналық көмек белгіленген хаттамаға сәйкес көрсетіліп жатыр, — деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.