Алматы облысы Іле ауданының әкімі не үшін ұсталғаны белгілі болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының прокуратурасы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың ұсталуына қатысты түсінік берді.

Бағдат Қарасаев
Фото: ile_akimat и bagdat.karasaev

Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкіміне кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деген айып тағылды.

«2024 жылғы 3 қыркүйектегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әкім Б.А. Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптарының тәртібінде ұсталды. Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Бүгін, 4 қыркүйекте прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Соңғы жаңалықтар