Алматы облысы өңірдің нышанын өзгертпек
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқыға ұсынды.

Әкімдіктен мәлім еткендей, жаңа нышан өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен бірегейлігін бейнелейді.

– Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Осыған байланысты Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отыр. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз,– делінген хабарламада.
Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 25 маусымнан 10 шілдеге дейін жалғасады. Ұсыныс пен пікірді daurenbaev.m@almobl.gov.kz поштасына жолдауға болады.
Осыған дейін сарапшылар өңірлік нышандарды біріздендіру мәселесін талқылаған болатын.