Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында өздігінен қар көшкіні жүрді.

қар көшкіні
Фото: ҚР ТЖМ

– Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен атап өткендей, 10 наурыз түскі сағат 15:50-де «Ақбұлақ» тау шаңғы курортында, теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте, көлемі 300 текше метр болатын қар көшкіні өздігінен жүрді. Көшкін сайға түсті, – деп хабарлады ведомстводан.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Оқиға орнына «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысының ТЖД және курорт әкімшілігінен 5 маман мен 3 техника шықты.

– Жағдай бақылауда. Мамандар курорт аумағындағы қар жамылғысына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Шымбұлақта шаңғышылар қар көшкінінің жүруіне себеп болғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар