Алматы облысы тұрғындары референдумда белсенділік танытып жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM –Алматы облысы Жаңаталап ықшамауданының тұрғындары №1031 референдум учаскесінде жоғары белсенділік танытты.

р
Фото: Kazinform

№1031 референдум учаскесінде Жаңаталап ықшамауданының тұрғындары таңғы сағаттардан бастап ерекше көңіл күймен жиналып, дауыс беруге белсенді түрде қатысты.

в
Фото: Kazinform

Алғашқы дауыс берушілердің бірі болған жергілікті тұрғын өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын жеткізді. Оның айтуынша, референдум — мемлекет дамуының маңызды кезеңі, сондықтан әр азаматтың қатысуы аса маңызды.

Тұрғындар ұсынылған өзгерістерді қолдай отырып, заңымызға енгізілетін жаңашылдықтар елдің тұрақты дамуына оң әсер етеді деген сенім білдірді. Дауыс беру барысында олар жоғары жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті.

ы
Фото: Kazinform

Референдумға ұйымдасқан түрде қатысқан жаңа талаптықтар қоғамдық белсенділіктің жоғары деңгейін танытып, ел бірлігі мен татулығының берік екенін айқындады. Олардың бұл қадамы — болашақ ұрпақтың жарқын келешегіне бағытталған маңызды таңдау.

ы
Фото: Kazinform

Жаңаталап ықшам ауданы тұрғындарының ұйымшылдықпен дауыс беруі референдум күнінің мазмұнын арттырып, әрбір азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігінің айқын көрінісіне айналды.

ы
Фото: Kazinform
Соңғы жаңалықтар
Референдум