Алматы облысы тұрғынының 1300 орам шөбі өртеніп кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысының құтқарушылары жанып жатқан шөпті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

— Кеген ауданы Қарқара ауылында 1300 орамда сақталған шөп өртенді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын СҚО-да жылыту маусымы басталғалы өрттен 8 адам мерт болғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар