Алматы облысына демалуға келген жігіттер қар құрсауында қалған

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы-Кеген тас жолы бойында көлікке мінген үш жігіт қар құрсауына түсіп, шыға алмай қалған.

Алматыда жанып жатқан пәтерден 63 жастағы зейнеткер құтқарылды
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, 15 наурыз түнгі сағат 00:05-те Кеген ауданы Алматы-Кеген тас жолының 70-ші шақырымында «Mercedes-Benz» автокөлігіне мінген үш адам қар құрсауында қалған. Олар жақын елді мекенге эвакуациялауды сұраған.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жіберілді. Оқиға орнына дейінгі қашықтық 70 шақырымды құрады.

«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен соң, 2004 жылы туған азаматтардың Шымкент қаласынан шығып, Көлсай көліне демалуға келгені, осылайша қар құрсауында қалып қойғанын анықтады. Жас жігіттер Кеген ауылына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар