Алматы облысында 141 ірі қараға қарасанға қарсы екпе салынды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Ұйғыр ауданында қарасан (сібір жарасына) қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр.

сиыр
Фото: pexels

Өңір әкімдігінен мәлім етікендей, Ұйғыр ауданы, Жарық тума учаскесінде мал дәрігерлері 141 бас ірі қараға сібір жарасына қарсы екпе екті. Сонымен қатар, ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1800 шаршы метр қора жайды дезинфекциялады. Залалсыздандыру жұмыстары дезстройлайт препаратының 1 пайыздық ерітіндісімен жүргізілді.

«Үлкен ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті. Бұл шаралар адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғауға бағытталған», - деп атап өтті әкімдіктен.

Ветеринария мамандары ауыл тұрғындарын мал ауруларының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Осыған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелгені туралы жазған едік.

Айта кетейік, осыған байланысты ауылда ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар