Алматы облысында 180 мыңнан астам абонентке коммуналдық мекеме сапасыз қызмет көрсетуде

жарық
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының прокуратурасы әкімдікпен және уәкілетті органмен бірлесе отырып, «еркін монополисттерді «көлеңкеден шығару» жобасын бастады.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, Іле, Қарасай және Талғар аудандарында 180 мыңнан астам абонентке су және электрмен жабдықтау бойынша 92 еркін монополист және 244 иесіз трансформатор сапасыз қызметтер көрсетуде.

Мұндай фактілерді облыс прокуратурасы Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайында инженерлік желілерді жаңғырту қажеттілігі, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін азаматтар мен бизнес үшін жақсарту туралы тапсырмалар берілген «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тапсырмасын орындау кезеңінде бірінші кезекте белгілеген.

«Бұл мәселе жүйелі және жылдар бойы жинақталған. Негізгі себеп жаңа елді мекендерді құра отырып, Алматы қаласының айналасындағы хаотикалық құрылыс болды. Кәсіпкер азаматтар монополияға қарсы органның рұқсатынсыз, байланыс желілерін тартып, тарифтерді өз еркімен белгілей бастады. Көптеген азаматтар жылдар бойы жөнделмейтін, жаңғыртылмайтын, қараусыз, иесіз қалған желілерге қосылған. Бұл азаматтар өз қалауы бойынша еркін монополисттермен белгілеген тарифтерді төлейді және тозығы жеткен трансформаторлардан электр энергиясын алады», - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасы.

Аталған проблемаларды шешу үшін облыс прокуратурасы әкімдікпен және уәкілетті органмен бірлесе отырып, «еркін монополисттерді «көлеңкеден шығару» жобасын бастады.

«Бұл тарифтерді реттеуге, желілерді жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етуге, бюджетке салықтардың түсуін, ең бастысы тұрғындар үшін алынатын қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаны орындау аясында сандар өседі, алайда бұл жинақталған мәселенің ауқымына жарық беріп, оны шешу үшін нақты суретті көруге мүмкіндік береді», - делінеді Алматы облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 30 наурызда Алматы облысында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Осыған байланысты облыс прокуратурасы қылмыстық істі тіркеген еді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram