Алматы облысында 200 ерекше балаға арналған инклюзивті лагерь жұмысын бастады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Бүгін, 10 маусымда ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған All ability Camp спорттық-мотивациялық лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 200 бала қатысады. 

камп
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры
ерекше балалар
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры

Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев, «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы Айдана Сиязова, сондай-ақ қоғам өкілдері, параспортшылар мен журналистер қатысты.

Жоба мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді спортқа белсенді тарту, олардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету.

Лагерь қатысушылары 7 күн бойы Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағасында 5 кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен бочча, теннис, футбол, корнхол және садақ ату сияқты бейімделген спорт түрлерімен айналысатын болады. 

кэмп
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры

Сонымен қатар, олар өмірге құлшынысты арттыру дәрістері мен ойындарына қатысады.

Жобаның ерекшеліктерінің бірі — оның мүгедектігі бар балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да бағытталуы, атап айтқанда, тренингтер мен семинарлар, белсенді демалыс ұйымдастыру арқылы олардың өмірге ынта-жігерін арттыру. 

Ата-аналар үшін психологтармен арнайы сессиялар ұйымдастырылды. 

Сессия барысында ата-аналар тьютерлер мен еріктілердің сүйемелдеуімен саналуан шығармашылық, танымдық, дамытатын іс-шаралармен, арт-терапиямен және музыкалық терапиямен қамтылады.

бала
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры

«Мен „All ability Camp“ жобасы жақсы дәстүрге айналғанын және оны екінші жыл қатарынан жалғастырып келе жатқанымызды атап өтуге қуаныштымын. Жобаға қатысу балалар мен ата-аналарды өз жолын бастауға және болашаққа дайындауға көмектеседі. Жалпы, Қорымыздың қызметі инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта 38 оңалту орталығы ашылып, 23 қалада 1000-нан астам бала айналысатын бейімделген спорт секциялары жұмыс істейді. Жақында инклюзия саласындағы 100-ден астам сарапшыны оқытуды аяқтадық. Сондай-ақ, жақын арада 180 мүмкіндігі шектеулі адам оқытудан өтіп, сұранысқа ие IT мамандықтар аясында жұмысқа орналасуда көмек алады. Сондай-ақ, Астананың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттерін құруды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалардың барлығы бірін-бірі толықтыруда», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Альфия Адиева.

ерекше балалар
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры

Жобаға қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Самұрық-Қазына» қорының экологиялық бастамасына қосылуға ниетті: дәріскерлермен мен ата-аналар әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі өз көзқарастарын ұсынады.

Жоба инклюзивті қоғамды дамыту шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-KazynaTrust» қорының қолдауымен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен серіктестікте іске асырылуда.

Еске сала кетейік, 2023 жылы All ability Camp лагері тырнақалды тәртіпте жұмыс істей бастап, түрлі диагнозы бар 200 бала мен 200 ата-ана қамтылған 4 кезеңге созылды. 

бала
Фото: Samruk-Kazyna Trust қоры

 

Соңғы жаңалықтар