Алматы облысында 225 шетелдік тегін емделді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Былтыр Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қытай және Америка азаматтары жүгінген.

Алматы облысында 225 шетелдік тегін емделді
Фото: Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан мәлім еткендей, 2024 жылы 225 шетелдік азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алған.

Науқастардың арасында Түркия,Үндістан, Пәкістан, Қытай және Америка азаматтары болды. Олардың барлығы дәрігерлердің кәсібилігі мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейде екенін айтқан. Мысалы, Түркиядан келген пациенттің жүрегіне жоғары технологиялық әдіспен ота жасалды.

– Үндістаннан келген жүкті әйелге (36 апта) дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігі операциясын жасап, нәрестені SIPAP аппаратының көмегімен аман алып қалды. Пәкістан мен Қытайдан келген пациенттер бізде көрсетілетін медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы екенін алға тартты, - деп атап өтті Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыруға қатысты жаңа заңнамада қандай өзгерістер болатынын айтып берген еді. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды жалғастыру керегін айтқан болатын.  

Соңғы жаңалықтар