Талғарда 4 жігіт жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Талғарда төрт жігіт қыз зорлады деген күдікке ілінді.

күдікті
Фото: Polisia.kz

Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Осыған дейін Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кеткені туралы жазған болатынбыз. 

Кейін Алматы облысы Полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, №216-үй мекен-жайы бойынша тіркелген Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу жариялады.

Соңғы жаңалықтар