Алматы облысында 42 жастағы әйел өндіріс орнында көз жұмды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында «Байсерке Агро» кәсіпорнында жұмысшы әйел конвейер шұңқырына құлап кетті. 

жұмысшы
Фото: Kazinform

Алматы облыстық полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

– 3 желтоқсан күні «Байсерке Агро» ЖШС-де қайғылы жағдай болды. Кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазір жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады, - деп хабарлады ведомстводан.

Осыған дейін Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне жарнама тақтасын іліп жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап, көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Алматыда ерлі-зайыпты қарт кісілерді 56 жастағы танысы өлтіріп кеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар