Алматы облысында 683 сайлау учаскесінде тұрғындар дауыс беріп жатыр

ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысында 1 056 474 адам өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмілет жасына толған 8 296 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болды.

Алматы облысында 683 сайлау учаскесінде тұрғындар дауыс беріп жатыр
Фото: Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысында таңғы 7:00–ден бастап 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Сондай-ақ өңірде 2 318 ерекше қажеттілігі бар сайлаушы дауыс беруге қатыса алады.

Алматы облысында 683 сайлау учаскесінде тұрғындар дауыс беріп жатыр
Фото: Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған арнайы кабиналар, пандустар, тактильді көрсеткіштер және қолжетімді ақпараттық материалдар қарастырылған.

Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін заңнамаға сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс, тұрғылықты жері бойынша дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Сайлау күніне дейін өңір тұрғындарына 1 миллионнан астам шақыру қағазы таратылды. Сайлау учаскелері заңнамада белгіленген уақытқа сәйкес жұмыс істейді.

Еске салайық, Алматыда сайлау күні қалай басталғанын жаздық.