Алматы облысында адасып кеткен балықшылар құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында адасып кеткен балықшылар құтқарылды
Фото: ТЖМ

22 наурыз күні кешке Алматы облысы ТЖД 112 пультіне таңертең ерте бес адам Ұзын-Қарғалы өзенінің бойындағы Қарғалы ауылының тауларына балық аулауға барғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Топтан тек бір адам өздігінен түсіп, қалған төртеуінің (бір ересек және үш жасөспірім) қайда екендігі белгісіз болған.

— 3 техника, 2 ұқышсыз ұшу аппараты, 2 кинологиялық есеп және 2 спутниктік телефон арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған 13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары ашық аумақта тапты, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Жоғалған адамдардың жағдайы тұрақты. Ешкімге медициналық көмек қажет емес. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар таудан түсіріліп, елді мекенге жеткізілді.

Айта кетелік Жамбыл облысының құтқарушылары Ақмола облысына аттанды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум