Алматы облысында алма бақ сатылымға шықты

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын агрофирма Қонаевтағы алма бақты сатылымға шығарды. Оның бастапқы құны - 10 млрд теңге.

парковая зона в Талдыкоргане
Фото: ҚР АШМ

Алма бағын сату туралы хабарландыру e-qazyna сайтында жарияланды. Аукционның бастапқы бағасы – 10 068 167 076 теңге, ең төменгі бағасы – 3 356 055 692 теңге.

Бақ «NurAgro» ЖШС-ға тиесілі. Өз кезегінде «NurAgro» ЖШС-нің құрылтайшысы – Ауыл шаруашылық министрлігіне қарайтын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы.

Орналастырылған ақпаратқа сәйкес, алма бағымен бірге ауыл шаруашылық техникалары, көкөніс сақтайтын қоймалар, ғимарат, жер учаскелері сатылады. Жалпы аумағы – 1 460 га. 

Аукцион 28 қаңтардан басталады.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле Алатауының бөктерінде алма бақтарын сақтау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырған болатын.

Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанда ұлттық бренд — апортты қайта жаңғырту шаралары қабылданып жатыр.

Соңғы жаңалықтар