Алматы облысында аудан әкімдіктерінің бірін прокуратура тексеріп жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі прокуратура назарына ілікті.

Алматы облысында аудан әкімдіктерінің бірін прокуратура тексеріп жатыр
Фото: Бас прокуратура

Kazinform сауалына жауап берген Қарасай ауданының прокуроры Жәнібек Жакаев облыс прокуратурасының тапсырмасы негізінде Қарасай ауданы әкімі аппаратының қызметіне қатысты тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын растады. 

– Тексеру жер қатынастары саласында заңдылықтың сақталу мәселесі бойынша жүргізілуде және аталған тексеруге облыс прокуратурасының тапсырмасы негіз болды. Осы ретте Қарасай ауданы әкімінің аппаратына қатысты тексерудің аяқталмауына байланысты, анықталған заң бұзушылықтар бойынша алдын ала ақпаратты ұсыну мүмкін емес, - делінген Жәнібек Жакаев жауабында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қарасай ауданының әкімдігіне қатысты тексеру басталғанын айтқан еді. 

Еске салайық, Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар