Алматы облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. 

Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД

«Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емделуге жіберілді. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 шақты турист мінген автобус апатқа ұшырағанын жазғанбыз. Сондай-ақ туристік автобусты басқарған жүргізушісі куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін қамауға алынғанын жазған едік.  

Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД