Алматы облысында әйел өз баласын ұрып өлтірген болуы мүмкін

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде Алматы облысы Боралдай ауылында жантүршігерлік оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметке сәйкес, әйел өзінің мүгедектігі бар баласын ұрып өлтірген

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ следователь ДСОГ  КЖТТ тергеуші полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1 млн қарызы бар азамат өзін-өзі айыптұрақта өртегенін жазғанбыз

Алматы облысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістан азаматтарына сот шешімі шықты

Соңғы жаңалықтар