Алматы облысында биыл жол апатынан 47 адам көз жұмды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.
Облыстық полиция мәліметінше, осы жылдың 11 айында жаяу жүргіншілер 806 жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Онда 1022 адам жарақат алып, 47 адам мерт болған.
- Басты ереже - жолды белгіленген жерден кесіп өту қажет. Бұл жол апатына тап болудың қаупін азайтады. Қараңғы түскенде жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану қажет. Бұл көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерді байқауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргінші жол апатынан мерт болғанын жазғанбыз.
Бірнеше күннен кейін дәл осындай себеппен «Алматы-Өскемен» автожолында жаяу жүргінші мерт болды.