«Алматы-Өскемен» автожолында жол апатынан жаяу жүргінші мерт болды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 6 желтоқсанға қараған түні Geely EMGRAND автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылының маңындағы «Алматы-Өскемен» тасжолының 54 шақырымында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
- Жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Алматы облысы Жамбыл ауданында белгіленбен жерден жолды кесіп өткен жаяу жүргінші мерт болғанын жазғанбыз.