Алматы облысында бір адамды жабылып ұрған күдіктілер іздестіріліп жатыр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының полициясы күдіктіерді іздестіріп жатыр.

Алматы облысында бір адамды жабылып ұрған күдіктілер іздестіріліп жатыр
Фото: Видеодан алынған скрин

Жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда үш жігіттің бір адамды жабылып ұрғанын көруге болады. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Бұл жағдай бойынша полицияға азаматтардан арыз немесе хабарлама түспеген.

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көшедегі жанжалға қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды. Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, былтыр Талғарда болған жанжал салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат мерт болды

Қазір Шерзат ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар