14:25, 27 Қараша 2024 | GMT +5
Алматы облысында бірнеше автожол көктемге дейін жабылды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бүгіннен бастап 2025 жылдың 31 наурызына дейін облыстың екі ауданында автожолдар жабылғанын хабарлады.

Автожолдар жабылуының басты себебі — таулы аймақтағы қар көшкіні қаупі.
Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында келесі бағыттағы автожолдар жабылады:
1) «Есік қаласы — Есік көлі» 7-ден 15 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол;
2) «Турен-Батан Асы обсерваториясы» 15-тен 41 км-ге дейін автожол;
3) «Талғар қаласы — Спутник лагері» 6-дан 11 км-ге дейін облыстық маңызы бар автожол.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жазаланғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ, ақылы жолдардың қысқа дайындығы туралы жазған едік.