Алматы облысында бұрынғы полиция қызметкері 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бала зардап шекті.

Алматы облысында бұрынғы полиция қызметкері 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен
Фото: видеодан алынған кадр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Көкөзек ауылында 6 жасар баланы көлік қағып, ол ауруханаға жеткізілген. Ал жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іздестіру шаралары барысында Lexus RX 300 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды.

- Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған азамат полиция қызметкері емес, ол бұрын (апат болғанға дейін) теріс себептермен жұмыстан босатылған. Осы оқиға бойынша бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйрегенін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар