Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында Республика күніне орай дрон-шоу ұйымдастырылды.

Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қонаев қаласында Республика күніне орай алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Орталық алаңға жиналған 15 мыңға жуық адам аспанды жарық пен әуенге толтырған ерекше көріністі тамашалады.

Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Көкке көтерілген 550 дрон ел тарихын, бірлігін және рухын айшықтаған әсерлі көріністерді ұсынды. Шоудың ең шарықтау шегі — дрондар арқылы Әнұранының сөздері аспанда жарқырап жазылуы болды.

Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Дрон-шоу барысында аспанда еліміздің басты рәміздері мен бейнелері пайда болды: Қазақстан картасы, мемлекеттік ту, домбыра мен нота, «Алтын адам», барыс, алма және «25 қазан — Республика күні» деген жазу. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп — Закон и порядок» деген композиция мен «Қонаев қаласы» деген жазуды бейнеледі.

Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Мерекелік кеш концертпен жалғасты. Сахнада Хансұлтан, Мөлдір Әуелбекова, Қуандық Рахым, Асылбек Енсепов, Esko, Ray, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Il Canto квартеті және танымал әртістер өнер көрсетті.

Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысында дрон-шоуға 15 мың адам жиналды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар