Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жықты
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде тағы бір ер адамның әйелін аяусыз соққыға жыққан видео тарады.
Бейнежазбадан жерде жатқан әйелді ер адамның жұдырықтап жатқанын көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полицияға 1979 жылы туған А. есімді азамат анықталып, жеткізілді.
«Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады»,- деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін Алматы көшелерінің бірінде Салтанат есімді келіншекті бұрынғы күйеуінің ұрғаны туралы жазған едік.
Кейін оның бұрынғы күйеуі қазақстандықтардан кешірім сұрады.